Трамп АҚШ-тағы жаппай атыстардың себептерін айтты

05 тамыз, 12:50

Америка президенті Дональд Трамп АҚШ-та жақында ғана атыс қаруын пайдалана отырып жаппай кісі өлтіруге себеп болған ауыр психикалық ауруларды атады. Бұл туралы жексенбі, 4 тамыз күні WHIO телеарнасы хабарлады.

Оның айтуынша, атыс ұйымдастырған адамдар "өте ауыр психикалық аурулардан" зардап шегеді. Ол АҚШ-та атыс қаруын қолданумен жасалған зорлық-зомбылық проблемасы ұзақ уақыттан бері бар екенін және "оны тоқтату керек" екенін атап өтті.

"Біздің елде өшпенділікке орын жоқ", - деді Ақ үй басшысы.

Бір тәулік ішінде үш америкалық штатта жаппай атыс болды. Техастың Эль-Пасо қаласындағы алғашқы төтенше жағдай салдарынан 20 адам құрбан болды, тағы 26 адам зардап шекті. Полиция 21 жасар Патрик Крузиусты ұстады.

Жексенбі күні америкалық Дейтонда (Огайо штаты) болған екінші оқиға салдарынан тоғыз адам көз жұмды. Атқыштың өзі де қаза тапты. 16 адам түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен қатар, Чикаго (Иллинойс штаты, АҚШ) парктерінің бірінде жауған оқтан жеті адам зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, оқ өтіп бара жатқан машинадан атылған.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже