Түркістан қаласында қоғамдық көліктер жаңартылып жатыр

18 қыркүйек, 12:57

Жаңа автобустарда кондиционер, электронды табло, жарнамалық монитор және камералар орнатылған. Бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегілер хабарлады.

Түркістан қаласы бойынша «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме Ютонг маркалы 8,5 метрлік 16 жаңа автобус сатып алған болатын, ағымдағы жылдың қыркүйек айында тағы 5 жаңа автобус бағытқа қосылды.

Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде.
Өңірлік коммуникациялар қызметіндегілердің мәліметінше, облыс орталығында қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже