Түркістан облысында криминогендік жағдай тұрақты

23 шілде, 15:14

Бұл туралы Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен облыстық прокуратураның 2019 жылдың І жартыжылдық жұмыстарының қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде мәлім болды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Өткен жылдың 6 айы мен 2019 жылдың 6 айын салыстырғанда тіркелген қылмыстардың саны 20,4% төмендеген (6179-дан 4917-ге дейін).

Қылмыс әлеміндегі ең көп жасалатын (41,6%) қылмыс түрі – бөтен мүлкін ұрлауға байланысты жасалған қылмыс саны 29,5% төмендеген (2906-дан 2049-ға дейін).

Үйлестірілген шаралардың негізінде қасақана кісі өлтіру қылмысы 17% төмендеді. Ал тонау 32,1% (109-дан 74-ке), қарақшылық 23,5% (17-ден 13-ке), алаяқтық 5,3% азайды.

Соңғы 6 айда 299 244 азаматтың құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына 638,9 млн. теңге және 40,8 млн. теңге әкімшілік айыппұлдар өндірілген.

Алты айда кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 13,7% (116-дан 100-ге), кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс 2,3% (130-дан 127-ге), соның ішінде балалардың жыныстық тиіспеушіліктеріне қарсы қылмыстар 34% (64-тен 42-ге) кеміген.

Айта кетейік, мәжіліске қатысушылар прокуратура қызметкерлерімен атқарылған жұмыстардың нәтижесі Түркістан облысы көлеміндегі криминогендік жағдайды тұрақтандыруға ықпал еткенін айтты.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже