Түркістан облысында екі жолаушы жолға таласып, бірі екіншісін тонап кетті

09 қыркүйек, 14:30

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірген. Онда белгісіз азаматтар көлігінен құрал-жабдықтарын жымқырып, оқиға орнынан ізін суытқандығы көрсетілген.

"Күдікті көлігімен жәбірленушінінің көлігін еріксіз тоқтатып, қоқаң-лоққы көрсеткен. Осылайша жәбірленуші күдіктінің іс-әрекетінен үрейленіп, көлігін тастап қаша жөнеледі. Ал бұл жағдайды өз пайдасына асырған күдікті тұлға қараусыз қалған көлікті емін-еркін тонайды.

Нәтижесінде күдікті жәбірленуші тарапқа 300 мың теңге көлемінде шығын келтіреді. Аталған жайтты Қазығұрт АПБ-нің полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алады.
Бірден бағыт алған полицейлер жедел әрекет етіп, қылмыскерді құрықтауға қажетті деген іс-шаралардың барлығын дерлік атқарады" делінген Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспаөсз қызметі таратқан мәліметте.
Жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 3-4 сағаттың ішінде күдікті тұрғылықты мекенжайында құрықталды. Полицейлердің анықтағанындай, ұсталған жігіт көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. "Оның үйін тінту барысында айғақты зат ретінде жәбірленуші көлігінің магнитафоны, рациясы, автокөлік басқаруға берілген құжаттары табылды. Тәркіленген заттар заңды иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда аталған іспен Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің тергеушілері айналысуда. Қылмыстық іске байланысты жинақталған барлық құжаттар жақын арада сотқа жолданатын болады.
Өз кезегінде облыс сақшылары автокөлік тізгіндегенде өзге көліктермен бәсекелесіп, жылдамдықты асырудың салдарынан, өзіңіздің және өзгенің өміріне қауіп төндіретіндігіңізді ескертеді" деп атап өтті ведомстводағылар.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже