​ТҮРКІСТАН: Сайлауға келіп сыйлық алған қария учаскеден билеп шықты (ВИДЕО)

09 маусым, 17:30

Түркістан қаласындағы №125 сайлау учаскесіне алғаш болып келіп, өз таңдауын жасаған үш сайлаушыға сыйлық берілді. Олар: қария Жақсылық Әбуов, кейуана Ханымкүл Қаншыбаева мен тұңғыш рет сайлауға қатысып отырған 18 жастағы Бекболат Бексұлтан. Азаматтық құқықтарын пайдалана отырып өз таңдауларын жасаған үш сайлаушыға ерлер жейдесі мен орамал тарту етілді. Айта кетерлігі, тосын сыйға ие болған қария өзіне көрсетілген құрметке риза болып, тіпті сайлау учаскесінен билеп шықты.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже