Түркістанда адам қағып өлтіріп қашып кеткен жүргізуші ұсталды

23 қыркүйек, 11:30

Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғынның бірі хабарласып, жол көлік оқиғасы болғанын баяндайды. Оқиға орнына бірден бағыт алған полицейлер ол жерден мәйітті көреді. Жүргізуші болса, оқиға орнынан бірден ізін суытқан.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген хабарламаға сәйкес, мәйітке қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, оқиға орнына тексеру шаралары жасалады. Тексеру кезінде полицейлер айғақты зат ретінде көліктің алдыңғы нөмірін тауып алады. Одан өзге ұсақ түйектерге дейін мән беріліп, тиісті жұмыстарды атқарады.

"Аталған жайт Арыс АПБ СДТБТ-ға тіркеуге алынып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және 347-бабы «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» бойынша қылмыстық іс қозғалады.
Полицейлер сол күні-ақ көліктің кімге тиесілі екенін анықтады. Полицейлер Ордабасы ауданынан әлгі күдіктінің көлігін табады. Тексере келе көлікті тастап кеткендігі белгілі болады. Осыдан соң, Арыс ауданының полицейлері күдіктіні тез арада құрықтауға көшеді. Көп ұзамай екінші күні Төлеби ауданы Леңгір қаласындағы көшелердің бірінен әлгі күдікті қолға түсті",-деді полицейдегілер.
Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол қамауға алынды. Аталған іс бойынша барлық материалдар жинақталып, сотқа жолданды.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже