Түркістанда тағы бір қонақ үй өртенді

14 қыркүйек, 13:30

Оқиға бүгін, 14 қыркүйек қала орталығындағы "Яссы" қонақ үйінің екінші қабатынан шыққан, деп хабарлайды Elitar.kz.

Өрт сөндірушілерге шақыру сағат 11.01-де келіп түскен. Олар оқиға орнына сағат 11.07-де жетті. 11.34-те өрттің беті қайтарылды.

Алдын ала болжам бойынша өрт ғимараттың екінші қабатындағы газдық тұрмыстық баллонның жарылысы салдарынан шыққан. Өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен қонақ үйден 10 адам эвакуацияланды. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер жоқ.

"Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 25 адам мен 8 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт 11.52-де толығымен сөндірілді", - делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті берген хабарламада.

Еске салсақ, бұл осы аптада Түркістан қаласында орын алған өрт оқиғасының екіншісі. Бұған дейін де қаладағы қонақ үйлердің бірінде жарылыс болып, соңы алапат өртке орын алды.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже