Түркістанда тұрғындарды мұнай компаниясына жұмысқа орналастырып беремін деген қызылордалық ұсталды

05 қыркүйек, 14:23

Қызылорда тұрғыны алаяқ жасады деген күдікпен Түркістан облысында ұстады, деп хабарлайды ТО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғаны, ұсталған азамат Сарыағаш ауданының тұрғындарын Атыраудағы мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастырып беремін алдап соққан.

Сарыағаш тұрғындары күдікті Атырау облысындағы компаниялардың біріне жұмысқа орналастыруға уәде беріп, ақша алып кеткен алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданған. Сарыағаш аудандың полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. Ол Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында сезіктінің осындай 10 алаяқтық оқиғаға қатысы бары анықталды. Күдікті жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жұмыс сұраған адамдардың әрқайсысынан 150-180 мың теңге аралығындағы ақша алып отырған. Артынша ізін суытқан. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы екі миллион теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» делінген ведомство хабарламада.

Дәл осындай оқиға Сайрам ауданында да орын алған. Бұл бойынша күдікті ретінде жергілікті тұрғын ұсталған. Ол әлеуметтік көмек алуға көмектесемін деген жалған уәдемен жәбірленушілердің 100 мың теңгесін жымқырып кеткен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже