Түркістанда туысын балғамен ұрып өлтірді деген күдікпен келіні ұсталды

18 қыркүйек, 11:30

Түркістан облысы, Созақ аудандық полиция бөліміне ер адам қоңырау шалып, көрші үйден зорлықпен өлтіру белгілері бар әйелдің мәйітін тапқанын айтқан.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары бұл жағдайды ҚР ҚК 99-бабы «кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеді. Учаскелік полиция кезекшісі аймақтық бөлімге ауыр қылмыс туралы хабарлаған.

Мәйітті қарау кезінде сот-медицина мамандары зардап шеккен адамның басына ауыр затпен соққы беру нәтижесінде қайтыс болғанын анықтады.

"Полицейлер жәбірленушінің үйі сыртынан кілтпен құлыптаулы тұрғанын байқады. Күндізгі жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері марқұмның өліміне көрші ауылдың тұрғыны — өзінің келінінің қатысы барлығын анықтады.

Тергеушілер күдіктіні өз үйінде ұстады. Күдікті қамауға алынды. Ол бұл әрекетті толық мойындады. Айғақты зат – балға тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалған. Тергеушілер кісі өлтіру себебін және оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үстінде" делінген ведомство хабарламасында.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже