Тұрсынбек Қабатов Нұр-Сұлтанның жаңа әкімін жер-көкке сыйғызбай мақтады

14 маусым, 18:30

Бұл туралы өнер иесі өзінің INSTAGRAM парақшасында жазды.

"Көлгінов Алтай Сейдірұлы!
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.
Алтай мырза, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан Облысы әкімі болып қызмет атқарған тұста оң өзгерістер болып, Жайық өңірі ерекше гүлденіп, тарихта қалатындай ерекше із қалды. Әсіресе Орал қаласында мәдени және рухани орталықтар мен ғимараттар жаңа заман үлгісімен бой көтерді. Іскерлігімен көзге түскен жас әкім Елорда әкімі болып тағайындалғанына өте қуаныштымыз! Жайықтан жинаған мол тәжірибеңізбен бас қаламызды одан сайын гүлдендіруіңізге тілектеспін! Іске сәт!" деп жазды Қабатов.

Еске салсақ, күні кеше, 13 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімін тағайындады. Бұл қызметке бұған дейін Батыс Қазақстан облысын басқарып келген 41 жастағы Алтай Көлгінов келді.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже