"Шымкенттегі 3 жасар қыздың өлімі": Туыстары бүлдіршіннің зорлықпен өлтірілгеніне сенімді

23 шілде, 12:00

Бұл туралы Elitar.kz Евразия арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бүлдіршіннің туысқандарының сөзінше, Кәусәрді тапқан кезінде көйлегі көкірегіне дейін ашық-шашық болған. Одан бөлек, үсті қан-қан күйі жатқан. Денесінің сау-тамтығы қалмай, көгеріп кеткен. Осы фактілерді негізге ала отырып, бүлдіршіннің туысқандары сәбиді айуандықпен, азаптап өлтіргеніне сенімді. Өйткені мәйітханадан оның денесін тігіп тастап, қолдарына табыстапты.

Жантүршігерлік оқиға Шымкенттің қылмыс көп жасалатын атышулы шағынауданындағы ескі гараждардың бірінде болған. Үйдің ауласында алаңсыз ойнап жүрген Кәусар бірнеше сағатқа қараусыз қалып, ізім-ғайым жоғалған. Ең бірінші қызының жоқтығын анасы байқаған. Базардан келген ол бірден оны іздеуге шығады. Әбден зәре-құты қашқан бауырлары хабар болмаған соң құзырлы органдардың көмегіне жүгінеді. Алайда тек бірнеше сағаттан кейін жатақханадан небәрі бірнеше адым жерден бүлдіршіннің өлі денесін нағашы ағасы тауып алады.

"Гороховый көйлек кигізіп, сол көкірегінде тұр. Ішінде киім жоқ, тапачкасы жоқ, қолында тарағы жоқ. Мынаның бәрі қан ғой. Денесінің бәрі қан ғой. Іш киімі бәрін полиция қызметкері тауып берді. Сол жерден жаман үйден тапты. Қызымның соңғы сөзі, демі «Уф» деді ініме қарап, болды! Басқа еш бәле айтпаған!", - дейді анасы.

Ал қалалық полиция департаменті қыз баланың зорланғанын жоққа шығаруда. Өйткені оның денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері жоқ дейді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, үш жасар бүлдіршін қараусыз қалған нысанда биіктен құлап, өз құсығынан тұншығып қалған көрінеді.

Алайда мұндай сараптамамен қыздың туғандары мүлдем келіспейді.

Қиналып, ауыр азапта көз жұмған балақай 1 айдан кейін 4 жасқа толар еді.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Шымкентте үш жасар бүлдіршіннің өлі денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже