Алматыда 17 оқушы туберкулезге шалдықты

16 қыркүйек, 13:45

Алматы қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде өткен брифингте БЦЖ вакцинациясы және өзге де екпеден бас тартылған жағдайлар туралы айтылды.

Жыл басынан бері мектеп оқушылары арасында 17 туберкулез жағдайы тіркелген.

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова осы уақыт ішінде 9 педагог бұл дертке шалдыққанын мәлімдеді.

2018 жылдың 8 айында 5 оқытушы туберкулезбен ауырған. Айзат Молдағасимова балалар арасында екі жағдай ашық туберкулез түрінде болғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы тамызда "Japan BCG Laboratory" туберкулезге қарсы вакцина өндіруші өзінің туберкулезге қарсы БЦЖ вакцинасын қайтарып алған болатын. Себебі өндірушінің вакцинаға еріткіштен бөгде заттарды табуы болды.
Бүгінгі күні екпеден бас тарту өзекті мәселе болып табылады. Ағымдағы жылдың 7 айында өткен жылмен салыстырғанда олардың төмендеу үрдісі байқалады. 2019 жылы егуден 522 бас тарту анықталды, оның ішінде 251 балаларға қатысты.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже