Алматылық студенттер жатақхананың орнына оқу залында тұрып келген

16 қыркүйек, 13:33

Тауарлар мен қызметтердің сапасы, қауіпсіздігін бақылау департаменті Алматыдағы бірнеше жоғары оқу орнында заң бұзушылықтарды анықтады.

Хабарланғандай, Абай атындағы ҚазҰПУ-да №3 жатақханада студенттер саны 68% артық екені анықталды. № 8 жатақханада - 31%.

Ведомство қызметкерлері кейбір жатақханаларда мұндай мәселе бірінші қабат дүкендерге және басқа да коммерция түрлеріне тапсырылғандықтан туындайтынын атап өтті.

"Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың №3 жатақханасында 53%-ға артық жүктеме анықталды. Осындай жағдайда өмір сүретін студенттердің аурушаңдығы жылдан жылға өсіп келеді. Талап бойынша бір студентке 6 шаршы метр берілуі тиіс керек болса, тексеру нәтижесінде он студенттің 30 шаршы метрде тұрып келгені анықталды. 150 студентке арналған орында 253 студент тұрып келген. Бұл білім ордасының оқу залында 36 шаршы метр алаңда 10 студент тұрып келген", - деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.

Оқушылар үшін жатын орындары тек оқу залында ғана емес, ата-аналарды қабылдау залында және басқа да бөлмелерде орналасқан. Бүгінгі таңда жатақханалардың жұмысын тоқтатуға қатысты 11 іс сотқа жіберілді.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже