Көкшетауда қатардағы сарбаздар зорлықшыны қолға түсірді

06 тамыз, 14:23

Көкшетауда қыз зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оны ұстаған Ұлттық гвардия сарбаздары, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес 3 тамыз күні кешкі сағат 10-да жас жігіт қыз зорлаған. Оқиға Назарбаев даңғылында орын алған.

Оқиға орнына әскери наряд бойынша кезекші лейтенант Жандос Әлжанов, патрульдік қатардағы жауынгерлер Руслан Оразхан, Нұржан Тасболат, Мінетай Қабез жіберілді.

1979 жылы туылған күдікті қысқа мерзімде қолға түсіп, жедел тергеу тобына берілді. Ұсталған кезінде жас жігіт өз кінәсін мойындады.

Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже