Димаштың Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өтті

11 желтоқсан, 13:15

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өтті. Barclays Center арена залында ине шаншарлық орын болмады.

"Керемет болды!", "Шынайы табиғи талант иесі!", "Нағыз талант!", "Ол - бомба!"- Нью-Йоркте Димаштың концерті өткен залда осындай сөздер айтылды. Бұған дейін бірде-бір қазақ әншісі Нью-Йорк қаласында 20 мың орынға арналған Барклайс-орталық залында көрерменін толық жинай алмаған! Жарайсың, Димаш! Жарқырай бер, бар қазақтың мақтанышы!!!"- мұндай қуанышты жазбаны дипломат Әнуар Жайнақов Facebook-тегі парақшасында жария етті.

Кеш бағдарламасы әр тілдегі әндерді қамтыды, алайда оның көбі ұлттық құндылықтарға арналған. Зал қазақ әндерін ерекше жылулықпен қабылдады. Шоудың барлық көрермендері қазақ тілін білмейді, бірақ нағыз жанкүйерлер үшін бұл кедергі емес: олардың көпшілігі Димаштың әндерін жатқа біледі. Тіпті олар өз кумирлерінің не туралы ән орындағанын түсіну үшін аударып та жүр.
Димаш пен оның музыканттарының орындауындағы "Адай" күйі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Әр нөмірден кейін Димаш "Менің Отаным-Қазақстан!" деп жиналғандарды өз еліне қонаққа шақырды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже