Нұр-Сұлтанда бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды

19 қараша, 11:37

Елорданың 0-4 сынып оқушыларына ауа райына байланысты сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қалалық білім басқармасы ндағылар хабарлады.

«19 қараша күні ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген басқарма мәліметінде.

Айта кетейік, 19-21 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында 25-30 нөлден төмен градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Еске салсақ, "Қазгидрометтің" синоптиктері республиканың көптеген облыстарының аумағында айтарлықтай күн суытып, -33 градусқа дейін аяз болады деп хабарлаған болатын.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже