Шымкентте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

21 қыркүйек, 11:30

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Ержан Жолдасов тағайындалды.


Ержан Жақсылықұлы 1980 жылы 15 шілдеде сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген. Мамандығы бойынша: инженер-химик-технолог, экономика бакалавры, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.
Ол жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы қызметін атқарған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже