Шымкентте жастар мобильді тобы құрылды

13 қараша, 15:18

Үшінші мегаполисте мобильді топ жұмыс істейді. Топ мүшелері шалғайдағы шағынаудан жастарымен тығыз байланыс орнатуды көздеп отыр.

Жұмыс тобы төрт бағытта жұмыс істейді. Олар: талантты жастарды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, әлеуметтік қорғауы жоқ ортадағы жастармен байланыс орнату. Осылайша отбасы, балалар және жастар басқармасы жанынан құрылған жастар ресурстық орталығынан алыс аумақта тұратын жастарға өздеріне қажетті ақпаратты үйлерінен шықпай-ақ алуға мүмкіндік беріледі. Одан өзге жастар көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап алу мақсатында арнайы диалог алаңын құру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда мобильді топ жастармен мыңға жуық кездесу өткізіп үлгерген.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже