Шымкентте білім басқармасының қызметкері сотталды

09 желтоқсан, 10:42

Шымкентте жемқорлық әрекеті үшін күдікті болған қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушысына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ол орта мектептердің бірінің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденді деген күдікке ілінген.

6 желтоқсанда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж.Д.Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру жазасы тағайындалып, 3 млн теңге айыппұл салынды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже