Еңбек сіңірген ұстаз Мәрзия Тұрлыханова өмірден озды

15 маусым, 17:11

Еңбек сіңірген қайраткер және ұстаз Тұрлыханова Мәрзия Айтбайқызы 80 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Instagram желісінде оның ұлы - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Дәулет Тұрлыханов хабарлады.

Қоштасу рәсімі Алматыда 17 маусым күні сағат 10:00 - де Абай даңғылы, 48а- үйде орналасқан Достық спорт кешенінде өтеді.

Марзия Айтбайқызы Тұрлыханова 1940 жылы 16 ақпанда Семей облысы, Аягөз ауданында дүниеге келген.

Қазақ қыздар педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.

Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Жарма станциясының орта мектептерінде, Үржар ауылында математика мұғалімі, әдіскер болып бастаған (1961-1987).);

Алматы қаласындағы № 41 орта мектепте математика пәнінің оқытушысы (1988 жылдан бастап);

Алматы қаласындағы № 41 орта мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (1990 жылдан бастап);

№ 41 аралас орта мектеп негізінде жаңадан құрылған № 147 қазақ орта мектебінің директоры (1992 жылдан бастап);

№ 164 көпбейінді қазақ гимназиясының директоры (1994 жылдан бастап).

1998 жылдан бастап өзінің "Болашақ" жеке орта мамандандырылған мектебінің бас директоры

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже