Елімізде 11 педофилге химиялық кастрация жасалады

10 қыркүйек, 15:30

ҚР Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер мәжбүрлі түрде химиялақ кастрация сот-психатриялық сараптама нәтижесіне қарай сот шешімімен тағайындалатынын атап өтті. Ол ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, мұндай жаза кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған, жасы 18-ден асқан адамдарға қолданылады.

"2018 жылдың 1 қаңтарынан бері қылмыстық атқару жүйесіне соттан осы мәндегі үкім алған 11 адам түсті. Аталмыш жандардың бәрі дәрігерлік-консультативтік комиссияның қарауынан өтті. Қазіргі таңда процедура Павлодар және Ақмола облысындағы мекемелерде екі адамға жүргізіліп жатыр. Осы жаза түрі тағайындалғандар туралы басқа мәліметтер құпия және ҚР Конституциясының 18-бабының 1-тармағына сәйкес таратуға жатпайды» делінген ведомство хабарламасында.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже