Елорда базарында азық-түлік сататын 30 бутик жанып кетті

06 тамыз, 09:53

"Big Шанхай" базарының аумағында ірі өрт болып, азық-түлікпен бірге 30 бутик өртенді, деп хабарлайды Elitar.kz Нұр-Cұлтан ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Big Шанхай" базарының аумағында ірі өрт болып, азық-түлікпен бірге 30 бутик өртенді, деп хабарлайды Elitar.kz Нұр-Cұлтан ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Өрт туралы хабарлама түнде 03.49-да келіп түскен.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде жеке тұрған "Ярмарка" көтерме қоймасында 30 азық-түлік бутигі жанып кеткені анықталды.

"Құтқарушылардың жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 45 минуттан кейін ауыздықталды. Өрттің жалпы аумағы 500 шаршы метрді құрады. Ғимараттың жалпы ауданы-5 мың шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 44 адамы мен өрт сөндіру қызметінің 12 техникасы, сондай - ақ қаланың шұғыл қызметтері, полиция мен жедел жәрдем станциясының қызметкерлері жұмылдырылды", - деп хабарлады астаналық ТЖД ресми өкілі Аягөз Фазылова.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже