Елордадағы дамыту орталығында 10 бала уланып қалды

18 қыркүйек, 17:30

Нұр-Сұлтандағы дамыту орталығында 10 бала тамақтан уланып қалған. Оқиғаның орын алғанын қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин растады.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин растады.

«Балалардың улануы бойынша айта кететін болсам, біз бұйрық шығардық, тиісті комиссия құрылды. Тексеру жүріп жатыр. Жұмысқа қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің де өкілдері тартылды. Соның нәтижесінде шаралар қабылданады. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар жеке кәсіпкерлік кодексі бойынша жұмыс жүргізеді. Егер нақты ескерту беретіндей кемшілікті анықтасақ, ары қарай тиісті шара қабылдаймыз. Бұл жерде әңгіме 8-10 баланың уланғаны туралы айтып отырмыз», - деді Нұр-Сұлтанның бас педагогы.

Жанғозиннің айтуынша, балалардың нақты неден уланғаны әлі белгісіз, жақын уақытта белгілі болады.

Алдын ала болжам бойынша балалар ауруханаға ішек инфекциясы диагнозымен түскен және олар кәріз суының ауыз суға қосылғанынан уланған болуы мүмкін.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже