Ержан Максим Польшада балалар Евровидениесінде өнер көрсетеді

29 шілде, 19:00

Ержан Максим Польшадағы балалар Евровидениясында Қазақстан атынан шығады. Бұл туралы Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"Қымбатты достар!

Қазақ баласы «Junior Eurovision 2019» халықаралық ән байқауына қатысатын болды.
Дүниежүзі назар аударатын ән додасы 2019 жылдың 24 қарашасында Польшаның Гливице қаласында өтеді.
"Хабар" Агенттігінің Еуропалық хабар тарату Одағындағы мүшелігінің нәтежиесінде, Қазақстан өкілінің осы байқауға қатысу туралы берген өтініші қабылданғанын айта кету керек.
Биылғы байқауда біздің елдің намысын дарынды баламыз Ержан Максим қорғайды.
Қазақстан балалар Евровидениесіне биыл екінші рет қатысқалы отыр. Өткен жылы Минск қаласындағы байқауда жерлесіміз Данэлия Тулешова өнер көрсеткен еді",-деп жазды министр өзінің фейсбуктегі парақшасында..

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже