Қытай азаматы Қазақстаннан 10 млн теңгені заңсыз алып өтпек болды

14 маусым, 19:30

Қытай азаматы декларацияланбаған қомақты қаржыны қолма-қол Қазақстан шекарасы арқылы өтпек болған, деп хабарлайды ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды. ​

Шетел азаматы кеден бекетінде ұсталды.

«Алтынкөл» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ-мен бірлесіп, Алматы облысындағы «Қорғас» ШЫХО бақылау өткізу пунктінде 1969 жылы туған Қытай азаматын азаматын ұстады. Тінту кезінде азаматтан декларацияланбаған жалпы сомасы 10 438 185 теңгені құрайтын қолма-қол ақша табылды» делінген хабарламада.

Заң бұзған 50 жастағы азамат ҚР ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже