Таразда полиция қызметкерлері азаптау әдісін қолданғаны үшін сотталды

30 шілде, 15:49

Тараз ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру бөлімшесінің бастығы мен осы бөлімшенің жедел уәкілі азаптауды қолданғаны үшін сотталды деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Тараз ҚІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел-іздестіру бөлімшесінің бастығы полиция капитаны С. Бейсекеевке және осы бөлімшенің жедел уәкілі полиция лейтенанты А. Құдайбергеновке қатысты бұрын сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Бейсекеев пен Құдайбергенов алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық іс бойынша куәға қатысты азаптауды қолданды.

29 шілде күні Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Бейсекеев пен Құдайбергенов орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталғандар 3 жылға дейінгі мерзімге қызмет атқару және белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылған, сондай-ақ тиісінше полицияның "капитан" және "лейтенант" арнаулы атақтарынан айырылған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже