Маңғыстаудағы мұнай кен орнында жұмысшылар ереуілге шықты

20 қыркүйек, 14:57

​​Маңғыстаудағы жұмысшылар ереуіл ұйымдастырды. Олар жалақыны арттыруды талап етеді. "Мобил Сервис Групп" ЖШС-нің 160-тан астам жүргізушісі 20 қыркүйекте жұмысқа шығудан бас тартты. Айтуларынша, олардың алып жүрген жалақылары төмен.

Ереуілшелірдің сөзінше, олар басшылыққа бұл шағымын айтқан, бірақ олар құрғақ уәдемен келіпті. Ақыры соңында ереуілге шығуға мәжбүр болған.

"Қаражанбас" ірі мұнай кен орнының мердігерлері жалақыны 100 пайызға арттыруды талап етеді. Ереуілге 162 адам қатысты. Олармен келіссөздер жүріп жатыр.
Айта кетейік, бұл ереуіл осы аптадағы алғашқысы емес. Қаламқас кен орнында да "Ақтаукрантехсервис" ЖШС қызметкерлері ереуілге шыққан болатын. Ондағы қызметкерлер де төменгі жалақы туралы шағым айтқан. Жұмыс беруші тарап жағдайды реттеп, қызметкерлермен барлық мәселелерді шеше алды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже