Өзбекстанда 50 градус ыстықта фермерлерді автобусқа қамап қойып жазалаған

23 шілде, 18:03

Өзбекстанда 10-нан астам фермерлер мен суарушыларды жазалау мақсатында 50 градус ыстықта автобусқа қамап қойған. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Мұндай жазаны Кашкадария облысы, Касби ауданының полиция басшысы Чори Кучаров қолданған.

Басылымның жазуынша, бұған ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мақтаны суару кезінде суды тиісті мөлшерден артық пайдалануы себеп болған екен.

Жағдай 14 шілде күні семинар кезінде болған. Автобус "Манзура Хамраева" шаруашылық аумағында тұрған.

Қамалғандардың бірінің айтуынша, ол ауасы жоқ жерде кісендеулі отырған. Тағы біреуі бұл уақытта ауа райы 50 градус ыстық болғанын айтты.

"Мені бас суғарушымен бірге полиция қызметкерлері қызып тұрған автобустың ішіне жауып тастады. Олар, тіпті, бізді тыңдамады, бірден қолымызға кісен салып, салонға кіргізді", - деді ер адам.

Автобусқа семинарға келмеген 9 шаруашылық басшысы келіп қосылған. "Ішінде тыныс алу мүмкін емес еді",- дейді қамалушылардың бірі.

Олар онда екі сағатқа жуық отырған.

Оқиға видеоға түсірілген.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже