Жаңа туған нәресте ана сүтінен көз жұмды

21 тамыз, 12:00

Әйел бала емізер алдында баланың ағзасына әсер етуі мүмкін препараттарды қабылдаған.

Қайғылы оқиға Ұлыбританияда орын алды. Плимут қаласында бес күндік сәби емшек сүтімен тамақтандырғаннан кейін қайтыс болды. Өйткені, бұған дейін әйел ауырсынуды басатын препарат қабылдаған. Дәрігерлер анальгетик саналатын "Трамадол" препаратын қабылдау нәрестенің денсаулығына еш әсер етпейтініне сендірген.

Алайда, жаңа туған нәресте ана сүтімен қоректенгеннен кейін нашарлаған. Мамандардың пікірінше, бұл дәрі-дәрмектің әсері әлі де аз зерттелген.

"Енді ауруханаларға бұл жағдай туралы ақпарат жіберіледі. Дәрігерлер аталған таблеткаларды жүкті және бала емізетін аналарда қолданбауы үшін нұсқаулық береді", - деп хабарлады Metro таблоиды.

Педиатрлар препарат пен сәби өлімінің арасындағы байланысты жоққа шығармайды және жүктілік кезінде оны қабылдамауды ұсынады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже