Жаға жыртысқан оралдық полицейлер жұмыстан қуылды

17 маусым, 10:30

Оқиға түсірілген бейнеролик әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Тәртіптік тергеу кезінде төбелеске қатысқандар оралдық полицейлер екені анықталды.

"Төбелескендердің екеуі де полиция қызметкерлері екені анықталды. Тергеу барысында екі қызметкердің арасында өзара жағымсыз қарым-қатынас негізінде қақтығыс болғаны белгілі болды",-деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департаменттің тәртіптік комиссиясынан кейін полиция қызметкері шенінің беделін түсіргені үшін ішкі істер органдарынан полиция қызметкерлерін жұмыстан босату туралы шешім қабылданған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже