Жаңаөзендіктерге ақтөбеліктер де қолдау білдіріп, наразылыққа шықты

04 қыркүйек, 16:50

Бір топ Ақтөбе тұрғыны облыс әкімдігінің алдына жиналды. Олар Қытай зауыттарының Қазақстанда салынуына қарсылық танытты.

Әкімдікке келгендер биліктің халыққа назар аударуын талап етіп отыр. Себебі елімізде қаншама жас дипломы бола тұра, жұмыссыз жүр. Екі қолға бір күрек таппағандар базар жағалап, жан бағып отырғанын алға тартқан тұрғындар шетелдік жұмысшылардың елімізге қажеті жоқ деп санайды. Сонымен қатар наразылық танытқандардың қатарында шетелден келген жұмысшылардың айлығы қазақстандық жұмысшылардан бірнеше есеге көп екенін де айтып ашынды. Әкімдікке келгендер көп ұзамай тарқасты. Бірақ ертең қайта жиналып, талаптарын айтуды жалғастыратынын жеткізді.

Айта кетейік, 2 қыркүйек күні Жаңаөзенде қалалық әкімдік ғимараты маңында көптеген тұрғындар жиналып, жергілікті халықтың жұмыссыз жүргенін, қалада қараша халық үшін жұмыс орны тапшы екенін мәлімдеді. Сонымен қатар наразылық танытушылар Қытай кәсіпорындарының салынуына қарсы шықты. Ал 3 қыркүйек күні Жаңаөзенде тұрғындар алаңға жиналып, билікке өз талаптарын қойды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже