Жамбылда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді

13 қыркүйек, 13:30

Жамбыл орталығы Таразда құтырған ит 54 жастағы әйелді талап өлтірді. Итке таланған әйел ауруханада көз жұмды.

Қайғылы жағдай тапа-тал түсте қаладағы тұрғын үйлердің бірінде орын алыпты. Әйелдің жанұшыра айқайлағанын естіген көршілер бірден көмекке асыққан. Бірақ құтырған итті тыныштандыру мүмкін болмапты. Көршілері жедел жәрдем қызметі мен полицейлерді шақырған. Алайда питбуль тұқымды ит маңайына ешкімді жолатпай, әйелді талауын тоқтатпапты. Дәрігерлер сол кезде әлі тірі болған зардап шегушіге көмектесу үшін шамамен жарты сағат күтіпті. Артынша полицейлерге итті атып тастауға тура келген.

Итке таланған әйел көптеген жарақатпен шок жағдайында ауруханаға жеткізілді. Ақ халаттылар ота жасауға әрекеттенбеген, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Себебі әйел азаматы 2 литр қан жоғалтқан.

Әйелді өлгенше талап тастаған питбульдың оның адамдарға шабуылдауы алғаш емес екен.

Полициядағылар оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Алайда қай бап бойынша іс қозғалғаны әлі белгісіз.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже