Жетісайда 3 жасар бала қауынға себетін улы дәріні ішіп көз жұмды

09 қыркүйек, 16:35

Оқиға Жетісай ауданының Қазыбек би ауылында орын алған. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Баланың туыстарының айтуынша, бүлдіршін ыдыста тұрған улы дәріні байқаусызда ішіп қойған. Салдарынан тыныс жолдары мен жүрек қан тамырларына зақым келген.

"Бүлдіршін аудандық аурухананың жан сақтау бөліміне ауыр халде түсті. Облыс орталығынан санитарлық авиациямен екі рет балалар токсикологы мен реаниматолог мамандары шақыртылды. Барлық емдік шара жүргізілгенімен, баланың жағдайы жақсармады. Дәрігерлер аман алып қала алмады. 7 қыркүйек күні бүлдіршін ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда бұл жағдайға қатысты сот медициналық сараптама тағайындалды" делінген басқарманың баспасөз қызметі берген мәліметті.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже