Телеарна тілшісінің жұмысына кедергі келтірген адамның кім екені белгілі болды

07 тамыз, 11:30

Полицейлер "Хабар 24" репортерінің жұмысына кедергі келтірген адамның жеке басын анықтады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Бұған дейін "Мельница" мейрамханасында болған өрт туралы хабар таратқан "Хабар 24" телеарнасының журналистеріне белгісіз бір ер адам кедергі келтірмек болған. Ол тікелей эфирде репортер жұмысына барынша кедергі жасады. Азаматтың мейрамхана заңгері екені белгілі болды.

"Көңіл көтеру мекемесінің өкілімен қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді", деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ІІД баспасөз қызметі.


Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже