Жылқы ұрлағандар жауапкершіліктен босатылды

09 шілде, 17:31

Бұл туралы ТО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын ауласында байлаулы тұрған жылқысының ұрланғанын жазады. Жәбірленушіге жалпы сомасы 500 мың теңгеге жуық шығын келтірілген. Аталған жайт Ордабасы АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тіркеуге алынды.

Мамандар қылмыс бойынша жан-жақты тексерулер жүргізіп, нәтижесінде, Ордабасы мен Шардара аудандарының жергілікті екі тұрғыны құрықталды. Тергеу барысы көрсеткендей, екі күдікті бір-бірімен сөз байласу арқылы жылқыны жымқырып, сатып жіберген.

Сыбайластардың қылмыстық істері дәлелденді. Алайда, күдіктілер жәбірленушілерден өз еріктерімен кешірім сұрап, мал орнына бір бас жылқы беріп, екі жақ татуласты. Осылайша, екі жақтың келісімінен соң, іс өндірістен алынды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже