Зілтемірші Майя Манезаға сот үкімі шықты

14 қыркүйек, 11:30

Қазақстандық зілтемірші Майя Манеза жол-көлік оқиғасы бойынша істі болды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Elitar.kz.

Жол-көлік оқиғасы тамыз айында Алматыдағы Қарасай батыр мен Жароков көшелерінің қиылысындаорын алған.

Volkswagen маркалы көлік тізгіндеген ауыр атлет Майя Манез Toyota Camry көлігіне соғылған.

«Сотта құқық бұзушы Майя Манеза өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Құқық бұзушының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, жол полициясы инспекторының баянаты, оқиға кестесі, тараптардың түсініктемелері, сонымен қатар істің басқа да материалдарымен толықтай дәлелденді», - делінген баспасөз қызметі берген хабарламада.

Сот үкімімен Майя Манезаны кінәлі деп танылды. Оған 50 500 теңге көлемінде айыппұл жазасы кесілді.
Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже