75 адам зардап шекті: "Самара-Шымкент" трассасында жантүршігерлік жол апаты орын алды

03 желтоқсан, 11:14

Көлік апаты 2 желтоқсан күні Қызылорда облысында орын алды.

Алдын ала болжам бойынша «Neoplan NK281 TC» маркалы автобус жүргізушісі жылдамдықты асырып, "Daf” маркалы жүк көлігіне келіп соқтығысқан.

Жолаушылар автобусы Ақтөбе-Шымкент бағытымен кетіп бара жатқан. Көлік апаты Қызылорда облысы, Арал ауданының Шижаға ауылы маңында орын алды.

Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары, барлығы 72 адам эвакуацияланып, қажетті көмек көрсетілді. Зардап шеккен екі азаматты жедел жәрдем қызметі Арал аудандық ауруханасына жеткізді. Алдын ала деректер бойынша олардың аяқтары сынған. Зардап шеккен азаматтардың бірі - тәжікстандық.

Жүк көлігін тізгіндеген Өзбекстан азаматының жағдайы жақсы. Көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже