Талдықорғанда балабақшаның екінші қабатындағы терезеден екі жасар қыз құлап кетті

16 мамыр, 13:12

Талдықорғанда балабақшаның екінші қабатындағы терезеден 2 жасар қыз құлап кетті. Оқиға 15 мамырда орын алды, полицияда балабақшадағы баланың жарақаттануы бойынша қылмыстық тергеу басталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Факті бойынша ҚР ҚК 141-бабында қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау). Тергеу кезінде тергеу әрекеттерінің объективтілігі мен толықтығы қамтамасыз етілетін болады. Қылмыстық істі тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауында", – деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.


Талдықорған қаласының "Қарлығаш" шағын орталығынан облыстық ауруханаға түрлі дене жарақатымен қыз бала жеткізілді. Зардап шеккен бөбек балалар ауруханасының реанимациялық бөлімшесінде жатыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже