160-тан астам қой ұрлаған бақташы Жезқазғанда құрықталды

26 тамыз, 12:00

Бұл туралы ТО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Созақ АПБ-не Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, Созақ ауданында орналасқан жайылымдардың біріндегі 160-тан астам бас малының қолды болғандығын айтады. Жәбірленушіге 6 миллион 380 мың теңге шығын келтірілген.

Күдікке жәбірленушінің малын баққан бақташы ілігеді. Осылайша күдіктіні полицейлер Жезқазған қаласынан ұстаған. Полицейлердің айтуынша, күдікті Төлеби ауданының тумасы. Ол бөтеннің мүлкін жымқырып, қомақты қаржымен бірге ауданнан ізін суытқан.

Қазіргі таңда жинақталған барлық құжаттар нақты шешім шығарылу үшін сотқа жолданды.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже