2 адам көз жұмып, 8 жолаушы зардап шекті: "Нұр-Сұлтан-Павлодар" тас жолында жол апаты болды

03 желтоқсан, 11:15

Оқиға салдарынан екі адам көз жұмып, 8 адам зардап шекті.

Жол апаты 2 желтоқсанда "Ленин-Ертіс-Русская поляна" тас жолында орын алған.

"Kia-Rio" және "ВАЗ 210" маркалы екі автокөлік соқтығысты.

Алдын ала мәліметтер бойынша "Kia-Rio" жүргізушісі рөлде ұйықтап кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Қатты соққыдан "ВАЗ 2109" автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ауруханаға барар жолда оның жанында отырған жолаушы қайтыс болды.
Дәрігерлер оқиға орнынан Ақтоғай аудандық ауруханасына 8 адамды жеткізді. Қайғылы жағдайдың нақты себебі мен мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай Facebook желісіндегі парақшасы арқылы жазды.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже