Пара алған полицей 4,5 млн теңге айыппұл төлейтін болды

09 қазан, 10:43

Қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара алған Ақмола облысының полицейі айыппұлмен құтылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"Н. Е. Тұрғабұлға өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және арнайы атағынан айырып, 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген таратылған хабарламада.
Іс материалдары бойынша, ол Атбасар ауданы ІІБ тергеушісі бола тұра, қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алған.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже