Арыс қаласында 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді

05 тамыз, 16:36

Бұл туралы Elitar.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшы атсалысты. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90% астамы аяқталып отыр.

"6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтіріліп, отбасылар жөнделген үйлеріне кірді. Барлық инженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрде реконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде – ауруханалар, мектептер, балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады", - делінген әкімдік ақпаратында.

Сондай-ақ мәлім болғандай, зардап шеккен 7516 жер үйдің 6611-і немесе 90 пайызы жөндеуден өтті. Қалған 905 үйдің жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін аяқталатыны жоспарланған.


Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже