Арыс әкімдігі: Түркістан облысы Арыс қаласындағы жарылыс туралы ақпарат

24 маусым, 11:27

2019 жылғы 24 маусымда сағат 09:20-да өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысы Арыс қаласының №44856 әскери бөлімінің аумағында өрт шығып, қойма бөлмесіндегі жарылыс туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 52 адам мен 12 бірлік өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ 4 бірлік техника, жеке құрамнан 23 адам мен Шымкент қаласының 1 кинологиялық есебі жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта өрт сөндіру және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан басқа зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда.
Қазіргі таңда облыс әкімі бастаған жұмыс тобы құрылды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже