Ғалымдар ажырасудың негізгі себебін анықтады

18 маусым, 12:00

"Тұлға және әлеуметтік психология" журналында ерекше зерттеу жарияланды. Онда 13 жыл ішінде 168 жұптың қарым-қатынасы бағаланды, деп хабарлайды webinfo.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Психологтар зерттеу барысында ажырасудың басты себебін анықытауды мақсат етіп қойды. Зерттеу бойынша авторлар ажырасуға бір салмақты себептің бар екенін анықтады.

Ажырасу қаупі жоқ жұптар некенің басында тым бақытты бола қойған жоқ: арада ұрыс-керіс, ренжісу болды, көп жағдайларда бір-бірімен келіскен жоқ, арада «ыдыс-аяқ сылдырлайтын» кездер де болып тұрған. Алайда, мұндай жұптар уақыт өте келе тату-тәтті отбасыға айналған.

Мамандар қарым қатынастың басында бір-бірін тым өбектейтін отбасылар нәтижесінде тез «сөніп», артынан ажырасып кететіндеріне көз жеткізген.

Ғалымдардың бұл зерттеуі көпшілікті таңқалдырмаса керек. Әлеуметтік желілерде бақытын бар әлеммен бөліскісі келіп, махаббаттан бастары айналған жұптардың артынша ажырасып кетіп жататын оқиғалары көптеп кездесетіні жасырын емес. Жұптардың арасында махаббаттан басқа ештеңе болмаса, уақыт өте алаулаған сезім суып, жұбайларды байланыстыратын басқа да сезім түрлерінің болмауынан олар көбіне екі жаққа кетіп жатады.


P/S: Бұл мақаланың мақсаты ақпараттандыру болып табылады. Берілген ақпарат негізінде оқырманның өз-өзіне қоятын кез келген «диагнозына» портал жауапты емес.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже