Кешіре білесіз бе? Ғалымдар оның адам ағзасына пайдасы туралы айтты

12 маусым, 18:00

Зерттеулер кешірімнің қан қысымын төмендетіп және жалпы денсаулыққа оң әсер ететінін көрсетті. Ғалымдар ағзаға түсетін стресстік әсерді азайту үшін реніштерді кешіруге кеңес береді.

Ғалымдар ағза саулығы үшін кешірім жасаудың пайдасы туралы айтып берді.

Ғалымдар өзін ренжіткендерді кешірген адам моральдық жеңілдік сезініп қана қоймай, физикалық жағынан да түзелетінін дәлелдеді.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы айтарлықтай жақсарады, артериялық қысым төмендейді, сондай-ақ ағзаға стресс әсерінің басқа да көріністері жоғалады дейді олар.

Сарапшы Неда Гоулд және оның командасы ашу - бұл стресс түрі, ал мұндай әсерге табиғи жауап реакциясы ашудан барынша қашу болып табылады деген пікірді ұстанады. Денені түрлі сырқат түрлерінен арылту үшін ғалымдар ренжіткендерді дереу кешіруді ұсынады. Бұл ағзаның жұмысын қалпына келтіру үшін қажетінше әрекет ете білетін тәжірибесі жоқ адамдар үшін өте қиын болуы мүмкін. Бірақ мұны білудің оң әсері практика үшін жақсы мотивация бола алады. Сондай-ақ, мамандар діндар адамдар оңай кешіре білетін қасиетке ие дейді. Және бұл оларға әртүрлі жағдайларда мінездегі тұрақтылықты сақтап қалуға көмектеседі.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже