Түркістанда көше тазалаған 11 жастағы оқушының еңбегі еленді

21 тамыз, 16:30

Көшеде қоқыс жинап жүрген С. Ерубаев атындағы N7 мектеп-интернаттың оқушысының суреті әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқушы қала көшелерін тазалап, үлкендерге үлгі көрсеткен болатын.

Тазалық мекемесінде еңбек ететін анасының кешкісін жұмыстан шаршап келетіні кішкентай Нұрболаттың жанына батқан. Сондықтан ол үлкендермен бірдей Түркістан қаласының тазалығына атсалысуға бекінді. Ондағы мақсаты - анасына салмақ түсірмеу, Түркістан қаласының тазалығына аз да болса үлес қосу. Жеткіншектің бұл игі ісі Түркістан әкімінің де назарына ілінді. Артынша Нұрболатты іздеп тапқан қала әкімі Рашид Аюпов оған арнайы құрмет көрсетті. Түркістанның тазалығына үлес қосқаны үшін қала басшысы жас өренге алғыс хат пен мектепке қажет құралдар салынған рюкзак табыс етті.

«С.Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернаты» КММ-нің 6 «б» сынып оқушысы Тасболат Нұрболат – оқу екпіндісі, көп балалы (5) отбасынан шыққан, тәрбиелі оқушы. Мектепте де қоғамдық жұмыстарға жақсы қатысады. Ата-аналары еңбекқор жандар, мінезі ашық, достары мен сыныптастарымен жақсы араласады. Мектепте «Сөз маржаны» үйірмесіне қатысады,"-деді N7 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қалбибі Арқабаева.
Айта кетейік, жақында Түркістан қаласында жалпы республикалық Birge Taza Qazaqstan акциясы өткен болатын. Жүздеген тұрғын қала көшелерін тазалауға шықты. Сондай-ақ, апта сайын қалада сенбілік өткізіліп тұрады.



Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже