Арыстағы жарылыс: Шымкенттегі орталық мешітке 500-ден аса арыстықтар орналастырылған

24 маусым, 15:25

Қазірге дейін Шымкенттегі орталық мешітке келіп орналасқандардың саны шамамен 500-ден асқан. Сонымен қатар, ата-анасынан адасып қалған, балабақшадан, лагерьлерден әкелінген балалардың саны 200-ге жуық, дейді Шымкент қаласындағы "Ақмешіт" орталық мешітінің имамына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Арыс қаласындағы жарылыстан жаппай көше бастаған тұрғындардың біразы Шымкент қаласындағы орталық мешітке («Ақмешіт») орналасуда. Олардың арасында ата-анасынан ажырап қалған балалар көп. Мешіт қызметкерлері ата-аналарымен барынша байланыс орнатуға тырысуда.

«Мүмкін болғанша, ата-аналарына хабарласып, телефон арқылы ақпарат таратып жатырмыз. Балалар, әсіресе, балабақша жасындағы балалар көп. Қазір мешіттің жанындағы медресенің жатақханасын босатып, сонда орналастырып жатырмыз. Барынша көмек беруге тырысып бағудамыз. Қала халқына рахмет, сумен, азық-түлікпен көмектесіп жатыр», дейді орталық мешіттің бас имамының орынбасары.

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже