Арыс тұрғындарына материалдық көмек алу үшін карточкалар беріле бастады

05 тамыз, 16:30

Тек Арыс қаласында ресми тіркелген тұрғындарға ғана 100 мың теңге төленеді, деп хабарлайды Elitar.kz Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

12 тамызға дейін мұндай карточкаларды 55 мыңнан астам адам алады. Қазір карточкалар 17 сектор мен екі ауылдық елді мекен тұрғындары арасында бөлініп таратылды.

Тұрғындар карточкаларын уақтылы алу үшін Арыс қаласына Қызылорда, Тараз және Шымкенттен 120-дан астам Халық банкінің қызметкерлері келіп отыр.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже