Балконда асылып отырған балалар жұртты шошытты

26 тамыз, 13:30

Балалардың Алматы қаласы Бостандық ауданы "Гауһартас" тұрғын үй кешенінің балконында отырғаны белгілі болды.

Алматы полициясы өкілдерінің айтуынша, балалардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

"102 қызметіне қоңырау түскен жоқ. Бұл туралы әлеуметтік желіден белгілі болды. Қазіргі уақытта ювеналды полиция осы іспен айналысып жатыр. Балалардың ата-аналарын іздеп жатыр. Ата-аналардың салғырттығынан балалардың өміріне қауіп-қатер төнуі мүмкін", - деді полиция өкілдері.

Құқық қорғау органдары тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен сөйлесетін болады.

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже