Президент кешірген: Бишімбаев бостандыққа қалай шықты?

11 қазан, 15:58

​Бишімбаев Мемлекет басшысы оның рақымшылық жасау туралы өтінішін қанағаттандырғаннан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Айта кетейік, экс-министр ағымдағы жылдың ақпанында Президентке өтініш тастаған, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.​

"2019 жылдың ақпанында Бишімбаевтың Мемлекет басшысына жаза мерзімін қысқарту туралы өтініші қанағаттандырылды. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қарау кезінде сотталған адамның бас бостандығынан айыру орындарындағы мінездемесі, сот талабын өтеу, кінәні мойындау және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі өтеу қажеттілігінің жоқтығы туралы куәландыратын басқа да мән-жайлар ескеріледі.

Қуандық Бишімбаев кәнісін толығымен мойындап, іс-әрекетіне өкініш білдірді. Сот берген талапты өтеген. Жазаны өтеу мерзімінде Бишімбаев оң мінездеме алып, мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді қатысты" деп атап өтті ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіндегілер.

ФОТО: caravan.kz

Танымал мақалалар

Сауалнама

Ақпараттың қандай түрі сіздің қызығушылығыңызды оятты?

Нәтиже